22
October
2022
«Елімнің бақытын тербеткен - Республикам менің»

Алтын ауыл орта мектебінде 25 қазан Республика кұніне арнап «Елімнің бақытын тербеткен - Республикам менің» тақырыбында мерекелік іс-шара «Республикам менің» атты ауызша журнал желісінде өрбіді. І БЕТ. Рәміздерім-елдігімнің белгісі.ІІ БЕТ: Егемендігім елдігім
ІІІ БЕТ: «Туған жерім» атты поэзиялық бөлім
ІY БЕТ: «Қазақ елі осындай» Журналдың әр беті Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген тарихи оқиғаларға толы болды. Іс-шара барысында мектеп директоры Ж.Рашат: " Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Рухани құндылығымызды, қазақы қайсар рухымызды, бай тарихымызды, бабадан қалған даланың мұрагері ретінде алты алашты әлемге таныту арқылы осы тарихи датаның біз үшін қасиеттілігін аша білуіміз, көрсете алуымыз қажет. Сол себепті бұл күннің қажеттілігі мемлекетіміз үшін зор деп санаймын"-деп ізгі тілегін жолдады.