05
October
2022
9-11 сынып қыздарына арналған дөңгелек үстел


"Алтын ауыл орта мектебінде" 5 қазанда 9-11 сынып қыздарына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп психологі Байдуйсенова Айгерім "Кез келген шиеленістен шыға білу" тақырыбында тренинг жүргізді. Сондай-ақ, "Қыз Жібек клубы" қыздар ұйымының жетекшісі Есбергенова Баглан "Қыз қылығымен" тақырыбында баяндама оқыды. Іс-шара барысында қыздар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.