Мұқтар Шаханов шығармашылығына арналған «Өлеңім – өмірімнің айнасы»
29.09.2022ж мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.Битенова мен М.Сатыбалдының ұйымдастыруымен ұлтқа шын жанашыр, рухы биік, елге еңбегін молынан сіңірген нағыз азамат, «Қазақстанның Еңбек ері» атағының иегері, Ғасырымыздың Ұлы тұлғасы, ақын Мұқтар Шаханов шығармашылығына арналған «Өлеңім – өмірімнің айнасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Рухани кеште көрермендер кеш иесі жайындағы деректі фильмді тамашалап, рухани азық алды. Ақынның авторлық әндері шырқалып, қара өлеңді жанына