28
сентябрь
2022
Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған: "Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі..." атты әдеби танымдық кеш

Қыркүйек айының 28_ші жұлдызында мектебімізде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған: "Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі..." атты әдеби танымдық кеш өтті. Кеш барысындағы Мұхтар Әуезовтің жанды дауысындағы бейне жазбасы ерекше әсерге бөледі. Аталған кештің ұйымдастырылуына мұрындық болған 10-сынып жетекшілеріне және жауапкершілікпен өткізген Кутжанова Динар Саттеровнаға әкімшіліктің атынан шығармашылық табыс тілейміз.