«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша атқарылған жұмыстар » Қарасай ауданы «Алтын ауыл орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Алтын ауыл орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша атқарылған жұмыстар
18
октябрь
2019

«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша атқарылған жұмыстар

Тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Қазақстандық  патриотизм мен адами құндылықтарға  негізделген жеке тұлға қалыптастыру»

Тәрбиелік мақсаты:

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізгі құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, салауатты және рухани дамыған, интеллектуалды,  бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

Тәрбиенің міндеттері:

  • «Бала құқықтары туралы Конвенцияны»   іске асыру; 
  • ҚР Конституциясын  басшылыққа алып құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту, жастар арасында қатігездік пен күш көрсетуге ымырасыз болуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре білуге, жемқорлыққа «жоқ» деп айта білуге үйрету; 
  • ҚР «Білім туралы заңын» іске асыру бағдарламасын жалғастыру, сапалы біліммен қамтамсыз ету;
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан   халықына жолдауларын  басшылыққа алу;
  • ҚР мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық- патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, этикалық принциптерді ұстана отырыпқазақстандық қоғамның нормалары мен дәстүрлеріне қайшы келмеу;
  • тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін мойындауға, ұстануға   жетелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту, Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету;
  • отбасылық құндылықтардыкеңінен насихаттау, ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімін жетілдіру, ата-ананың баланың тұлға ретінде қалыптасына, тәрбиесіне жауаптылығын сезіндіру;
  • еңбек дағдысын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау дағдысын ұштап, болашақ мамандығын таңдауда жол ашу, экологиялық мәдениетті дамыту, ұжымдық қарым-қатынастың ережесін біліп, өмірде қолдану;
  • интеллектуалдық мүмкіндіктердің, дарындылық пен көшбасшылық қасиеттердің  дамуына, тұлғаның ақпараттық мәдениетінің дамуына қажетті мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;
  • мектепте көпмәдениетті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, ортақ мәдениет дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға дайын болуын қаматамсыз ету;
  • дене тәрбиесіне жіті назар аударып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ыңғайланған кеңістік орнатып, оқушыны өзінің  физикалық және психологиялық денсаулығына нұқсан келтіретін факторларды анықтай білуге үйрету.

Нәтижесінде:

  • азаматтық-патриоттық сана-сезімі жоғары;
  • рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған;
  • отбасылық құндылықтарды ұстанатын;
  • құқықтық санасы нығайып қалыптасқан;    
  • салауатты өмір салтын ұстанатын;
  • интеллектуалды, білімді, жан-жақты   және бәсекеге қабілетті;


  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысатын, халқымыздың бай өмір тәжірибесі негізінде тәрбиеленген, ұлттық менталитетімізді бойына сіңірген ХХІ ғасырдың жеке тұлғасы тәрбиеленеді.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық  8 бағыттары арқылы өтеді.  

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік  тәрбиесі;
  3. Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі;
  4. Отбасылық тәрбие
  5. Еңбек,  экономикалық   және экологиялық тәрбие;
  6. Көпмәдениетті   және көркем-эстетикалық тәрбие 
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі.


Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: 

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Осы бағыт бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды: 

2018-2019 оқу жылы 1 қыркүйек - Білім күніне орай  «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты жаңа оқу жылының ашылуына арналған салтанатты жиыны өткізілді2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында қабылданған  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін негізге алған «Біз – еліміздің болашағымыз», «Білімді елдің ұрпағымыз», «Мы – будущее своей страны» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатымен шәкірттер  оқу-тәрбие үрдісін бастады.

         «Мектепке жол» акциясы негізінде  оқушылар мектептің ішкі тәртіп, ережесімен, оқушы міндеттерімен таныстырылды. 1-11 сыныптар арасында «Абайлаңыз, балалар!» атты мектеп акциясы ұйымдастырылып, «Жол ережесі әліппесі» (1 сын), «Жол белгілері еліне саяхат» (2-3 сын), «Бағдаршам бағыты: қызыл, жасыл, сары» (4 сын), «Жол тәртібі ережесі» (5-6 сын), «Жол тәртібі ережесі туралы әңгімелесу» (7-8 сын), «Жол көлік оқиғалары» (9-11 сын).   тақырыптарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу іс-шаралары өткізілді.

      Профилактикалық кеңес отырысында оқушылармен мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы сұқбат өткізіліп, девиантты мінез-құлықты балалардың тізімін жасалды,        мектептің ішкі есебіне алынды. «Қиын жағдайға душар болған жасөспірімдер,  оларға   психологиялық  көмек көрсету» шараларын  оқушылармен мектеп психологары жүргізді.

Оқушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру, діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру мақсатында 19 қыркүйек күні дінтану пәні мұғалімі А. Серікбаеваның ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында 10 сыныптар арасында дебат өтті.


       Қазан айында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында құқықтық тәрбие айлығының жұмыс жоспары бекітіліп, ашық тәрбие сағаттары өткізілді, оқушылардың жас ерекшелігіне сай сауалнамалар алынды. АІІ бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларының қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық тақырыбына арналған пікіралмасу өткізілді. 

       Қарашаның 11-23-і арасында республикалық «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру мақсатында Алтын ауыл орта мектебінде 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сай іс-шаралар жүргізілуде.    Оқу жылының басында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы бойынша мектеп ұжымымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерімен кездесу өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   баяндама жасады. Мектеп психологі, әлеуметтік педагог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілермен бірлесе отырып балаларға зорлық-зомбылық пен қатыгездік қараудың қатері бар жайсыз, қиын жағдайда өмір сүретін отбасыларды анықтауға байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізді. АІІБ ЮПТ қызметкері, полиция аға лейтенанты М.Дәркембаева жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Өкінішсіз балалар», «Өмірдің қиын кезеңдері» тақырыбында деректі фильмдер көрсетті.

 Республикалық ақпараттық «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» науқанына байланысты 19-29 қараша   аралығында  оқушыларға зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екенін түсіндіру, әркім өз адамзаттық құқықтары мен бас бостандығын қорғауы туралы үйрету,  зорлық–зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында онкүндік өткізілді. Онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес 20 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасында сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды. 

       21 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Базарбеков «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық» тақырыбында, мектеп психологі Ж.Арыстанова «Суицид қайдан пайда болады?» тақырыбында   баяндама жасады. Оқушылармен еркін әңгімелесу, кездесу өткізілді. Д.Құтжанова 6А сыныбында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Аптасына бір рет  сағат 22.00.ден бастап әлеуметтік педагог Қ.Сейдомарова мен ДТІЖО Д.Базарбеков және кезекші мұғалімдер «Жасөспірім» түнгі рейдін жүргізеді. Рейд барысында көшелерде бей-берекет жүрген оқушы байқалмады. Рейд барлық көшелерде жургізілді. 

       26 қараша күні әлеуметтік педагог Қ.Сейдомарова «Отбасындағы сәтсіздік және әлеуметтік жетімдік мәселелері» тақырыбында ата-аналарға арналған түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын жүргізді. 27 қараша күні Нүсібалиева Әлем 10А сыныбында «Зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында сынып сағатын  өткізді. 28 қараша күні 5-7 сыныптар арасында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сурет көрмесі өтті. Мектеп оқушылары зорлық-зомбылық туралы мағлұмат алды. Осы өткізілген іс-шаралардан кейін жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау керектігін жете түсінді, ой түйді.



 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай 23 қараша мен 30 қараша аралығында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында жүргізілетін   іс-шаралар жоспары таныстырылды.  26 қараша күні 1-4 сыныптарда «Елбасы – ұлт мақтанышы», 5-8 сыныптарда «Елбасы – елімнің тірегі», 9-11 сыныптарда «Егемен елдің көшбасшысы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сондай-ақ, 26 қараша күні мектеп кітапханасы «Ұлтының кемеңгер көшбасшысы» тақырыбында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына, Елбасы жайлы естеліктерге толы кітап көрмесін жасады. 

      27 қараша күні мектептің дарынды оқушыларының «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы мерекелік концерті өтті. Мерекелік кеште ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалып, мектеп директоры Жансая Рашатқызы ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды Елбасы күні мерекесімен құттықтап, республика, облыс, аудан көлемінде білім, спорт, өнер саласында түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған ұстаздар мен оқушыларды марапаттап, ата-аналарына алғыс айтты. Концерт барысында ардагер ұстаз Күреңкеева Қайыпжамал мен музыка пәні мұғалімі Кенжебаева Ризаның жетекшілігімен жүргізілетін хордың орындалуында Елбасы жайлы және Елбасы жақсы көретін әндер шырқалды. Мектебіміздің бишілер тобы мың бұрала өнер көрсетіп, елбасы жайлы өлеңдар мәнерлеп оқылды. 

       28 қараша күні 7-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Біздің Елбасы!» тақырыбында фотосурет галереясы жасалды.  Ұйымдастырылған шарада  7А,Ә,Е,Г сыныптарының жұмысы жақсы бағаланды. 

      28 қараша күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында Елбасы жайлы өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқауға 2-3-4 сынып оқушылары қатысты.  Көркемсөз оқу байқауына қойылған талаптар бойынша әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, салтанатты сап түзеу жиынында көркемсөз оқу шеберлері мақтау грамоталарымен марапатталды. «Елін танытқан ер», «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында 8-9-10 сыныптар арасында 

       29 қараша күні шығармалар байқауы болды.  Шығармалар байқауына 8-сыныптан оқушылар қатыспады. Ал 9-10 сыныптар арасынын үздік шығармалар байқауына 9-сыныптан 4, 10-сыныптан 5, барлығы- 9 оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Абылаева, Ж. Ермаханова оқушы жұмыстарын тексеріп, 10А сыныбының оқушысы Арипхан Аяулымның «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбындағы  шығармасына «Елбасы жайлы үздік шығарма» деген баға берді. 10Ә сынып оқушысы Қаблан Аяжан  1-орын; 9Ә сынып оқушысы Қуанышбаева Әсел 2-орын; 9Ә сынып оқушысы Мурадилова Аружан 2-орын иеленді.

       30 қараша күні «Ел тірегі - Елбасы» атты республикалық рухани жаңғыру фестиваліне Алтын ауыл орта мектебінен «Жас ақын», «Жас ғалым», «Жас әнші», «Үздік қолөнер», «Көркемсөз оқу шебері», «Жас қалам», «Сахна өнері», би, ән, дәстүрлі ән тб сияқты әр номинация бойынша 40-тан аса оқушы қатысып, белсене қатысқаны үшін жүлделі сыйлық музыкалық орталықта иеленді. Оқушыларымыз Алтын жүлде, күміс жүлде, қола жүлде, 1-орын, 2-орын,3-орындарды иеленіп, жеңімпаз оқушылардың жетекші ұстаздары «Үздік жетекші» дипломдарымен марапатталды. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында өткізілген әрбір іс-шара әкімшілік тарапынан талдау жасалып, баға беріліп отырды. Өткізілген шаралардың жақсы жақтары мен кемшіліктері атап көрсетіліп, болашақта жасалынатын жұмыстарға бағыт берілді. 




      16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздің күні мерекесіне орай 05 желтоқсан   мен 14 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік – таң нұры» тақырыбында   іс-шаралар  ұйымдастырылды. 05 желтоқсан  күні салтанатты сап түзеу жиыны өткізіліп, мектеп оқушылары мен ұжымына 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай   5 желтоқсан мен 14 желтоқсан   аралығында «Тәуелсіздік – таң нұры» тақырыбында жүргізілетін   іс-шаралар жоспары таныстырылды.   5 желтоқсан  күні 1-4 сыныптарда «Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый», 5-8 сыныптарда «Тәуелсіздік тұғыры – ел бірлігі», 9-11 сыныптарда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 

       6 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші» тақырыбында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мәні мен мазмұнын түсіндіру, еліміздің қайта өрлеуі мен жаңғыруы үшін жасалған басты ұлттық бағыттарын білу, ұлттық ой-сананы ояту, жаңғырту, жас ұрпақтың туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында конференция өтті. Конференция барысында 11-сынып оқушылары өздерінің алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, рухани жаңғыруға қалай үлес қосатындықтарын айтып, ойларын ортаға салды.Сондай-ақ, латын графикасына көшудің ұтымды жақтары мен қандай кедергілер болуы мүмкін және одан қалай шығуға болатындығы туралы да мәселе қозғалды.6 желтоқсан күні мектеп кітапханасы «Тәуелсіздік – теңдігім, егемендік – елдігім» тақырыбында Қазақстан республикасы тәуелсіздік күні мерекесіне орай кітап көрмесін жасады. 10 желтоқсан күні 6-7 сынып оқушылары арасында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында оқушылардың бойындағы патриоттық сезімін арттыру мақсатында «Мен – елімнің ертеңімін!» тақырыбында көңілді тапқырлар алаңында сайыс өтті. Сайыста 7Ә сыныбы «Бас жүлдеге», 6Д сыныбы-1-орынға, 7А, 6В сыныптары-2 орынға, 7Е, 6А, 6Ә сыныптары – 3-орынға ие болды. Өкінішке орай, 7В, 7В, 6Б, 6Е сыныптары қатыспады.  

11 желтоқсан күні көңілді тапқарлар алаңындағы көңілді сайыс 8-9 сынып оқушылары арасында өте тартысты өтті. Сайысқа 9Б, В, 8Ә, Б,В сыныптары қатысты. Сайыстың 1- кезеңі бойынша әр қоманда 5 минут сәлемдесу, 2- кезеңі бойынша 3 минут әсем әуен, бимен әрленген көңілді көріністер көрсету, 3-кезеңінде көңілді жаңалықтарымен бөлісу 2 минут берілген еді. Көңілді тапқырлар сайысын жүргізуді өз жауапкершілігіне алған 10Ә сынып оқушылары әділ қазылар алқасын да оқушылар арасынан тағайындады. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, актерлік шеберлікке баулу, өздерін сахнада ұстау, жүріп-тұру мәдениетін, жалпы эстетикалық тәрбие беру мақсатында өткізілген сайыс өте әсерлі болды. Сайыс нәтижесінде Бас жүлдеге- 8Б сыныбы, 1-орынға 9В сыныбы, 2-орынға-9Б, 8Ә сыныптары, 3-орынға 8В сыныбы ие болды. Жарысқа қатыспаған сыныптар: 9А, Ә, 8А.  12 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Төлегенова Нұргүлдің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тарих толғауы» тақырыбында 10 сыныптар арасында дебат өтті. 16 желтоқсан   Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп оқушыларын Республикалық  «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі 13 желтоқсан күні болып өтті. 14желтоқсан күні  16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздің күні мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – таң нұры» тақырыбында  мерекелік салтанатты кеш өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Абылаева «Желтоқсан ызғары » тақырыбында сахналық драма көрсетті.







Қаңтар айында қылмыстың алдын алу күніне орай тәрбиелік іс-шаралар құқықтық бағытта жүргізілді. 10.01-18.01 күндері аралығында  «Өз құқығыңды білесің бе?» құқықтық апталығы өткізілді.  Апталық барысында жоспарға сай құқықтық білім сағаттары:  1-4 сыныптар аралығында «Знаешь ли свои право?», «Өз құқығыңды біл!» тақырыбында  сынып сағаты , 6-7 сыныптарда «Балалар қылмысы: ұрлық пен бопсалау»  видеофильмдер бойынша пікірталас , 7-8 сыныптар арасында «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» дөңгелек үстел,   9-сыныптарда «Қылмыс жасау себептері  мен салдары» сауалнама   негізінде сұқбат өткізілді.

          Мектеп оқушылары арасындағы күш көрсету, бопсалаушылықтың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.   9-11 сыныптар аралығында «Менің құқығым» тақырыбында шығармалар байқауы өткізіліп,  жеңімпаздар марапатталды. Оқушылардың анонимдік хаттары үшін «Сенім жәшігі» орнатылды, оның тұрақты жұмыс істеуі бақылауға алынды, сонымен қатар психологиялық жадынамалар жасалып, сенім телефондарымен  таныстырылды. «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» 7-11 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. «Өз құқығыңды білісің бе?» тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Бала еңбегін қанаудың және тәртіпбұзушылықтың   алдын алу мақсатында кешкілік демалыс орындарына, көлік жуу, жөндеу тұрақтарына, сауда орындарына  жерлерге мұғалімдермен рейдтер ұйымдастырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» бойынша оқушылар арасында жүргізілетін   іс-шаралар жоспары қыркүйек айында бекітіліп,  жоспарға сай «Парасатты азамат» бұрышын жасақталды, ұлағаты ұстаздардың жетістіктерін паш ету мақсатында көрме ұйымдасырылды. 


Мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін  «Сенім телефоны», «Сенім жәшігі» өз жұмысын бастап,  қадағалануда, 5-11 сынып оқушылары арасында «Жас ұлан» ерікті мектеп ұйымының жұмысы қолға алынды.   «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында  сынып сағаттары 9-10 сыныптарда өткізілді. Тарих пәні мұғалімдері «Сыбайлас жемқорлық тудыратын құқық бұзушылық және олар үшін жауаптылық» тақырыбында саяси сабақтар өткізіп, Заңның баптарымен оқушыларды  таныстыру жұмыстарын жүргізді. «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында   9-11 сынып оқушыларымен сауалнамалар бойынша пікірталастар ұйымдастырылды. Мектеп инспекторы М. Дәркембаеваның ұйымдастыруымен   7-11 сынып ұлдарымен жеке жиналыс өткізіліп, жалпы қоғамдағы заң бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша сұрақ-жауаптар айналасында пікірталас  өткізілді. Жоғары сынып оқушыларынан құрылған топ орта буын сынып оқушыларымен осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.





7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік әскери әндер шеруі өтті. Әскери патриоттық әндер шеруіне 5-6-7 сынып оқушылары қатысты. Әскери патриоттық әндер шеруіне қатысқан сыныптарға арнайы жүлделі орындар тағайындалып, марапатталды.

      






 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай 9В сынып жетекшісі Қасым Әйгерімнің ұйымдаcтыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері. 93 жасар Сақина Үскенбаеваның үйінде қонақта болып, азық-түлік салынған себеттерін ұсынды, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Сұрақтарын қойып, сұрапыл соғыс туралы әңгімелерін тыңдады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы  аясында: Ж.Жабаев пен ұстазы С.Аронұлының мұражайына 9- сынып оқушыларының саяхаты ұйымдастырылды, 5-6 сынып оқушылары Алматы қаласындағы Мемлекеттік музейге саяхат жасады. ДТЖО Ш.Джазкбаеваның ұйымдастыруымен  6-8 сынып оқушылары ҚР Тұңғыш президенті саябағына, Әбілқан Қастеев атындағы көркемөнер мұражайына экскурсия жасады. М.Әуезов драма театрына барып, Қазақстанның өнер қайраткері, актер Бекжан Тұрыспен кездесті. Кездесуден кейін  актердің ұлы Мағжан Бекжанұлы екеуі басты ролді сомдаған «Ұлым саған айтам» спектаклін тамашалады. 5 сынып оқушылары  «Алматы арена» спорт кешеніне барын, 10 сынып оқушылары «Медеу» мұз айдынына барып көңіл көтерді.






Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік   тәрбие

Мақсаты : Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және 

дәстүрлерімен келісілген   рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және  көзқарастарын қалыптастыру. 

Осы бағыт бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды: 

Оқу жылы басында «Мектепке жол» акциясы негізінде мектеп ұжымы, демеуші ата-аналар тарапынан аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсетілді. /Қайырымдылық акциясы барысында жасалған көмек туралы нақты ақпарат әлеуметтік педагогтің  жылдық есебінде толық көрсетіледі/ 

       Қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты іс-шаралар жоспары жасалды. 1-11 сыныптарда «Даналық дариясы», «Қарттарды құрметтейік!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханасы «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбында кітап көрмесін жасады. 4А, Е сыныптарында «Құрметтеймін қартымды» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында қарттарға арнап өлең шығарудан, 8-11 сынып оқушылары арасында  эссе жазудан байқау ұйымдастырылды. «Қарттарым – асыл қазынам» атты ардагерлерге қамқорлық акциясы 5 сынып параллельдері арасында белсенді ұйымдастырылды. 7Е, 8А сыныптарында «Ақылды қария- ағып жатқан дария» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында мектепішілік кеш өтті. Мерекелік кешті 7 сыныптар ұйымдастырды. Мектебіміздегі ардагер ұстаздар: Куреңкеева Қайыпжамал, Сыдыкова Күмісай, Кабдуллаева Кадырхан, Акрам Любовь, Мұхамедқали ағайларға құрмет-сый көрсетілді. Оқушылар өнерлерін тарту ете отырып, өмірлік ақыл-кеңестерді тыңдады. Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз деген теңдесі жоқ ұлылық» тақырыбында мектепішілік мерекелік концерт өте ауқымды түрде өткізілді. 

 Бүкіл адамзат баласы бас иер тұлға ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегін,  қадірі мен қасиетін шынайы ұқтыру арқылы оқушылардың бойында ұстаздарды құрметтеуге, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазға мың тағзым» атты тәрбиелік іс-шаралар жоспары бекітілді. 1-11 сыныптарда «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Осы тақырыпта мектеп кітапханашысы кітап көрмесін жасады. 8-9-10 сыныптар арасында спорттық эстафеталық жарыс өткізілді. Сыныптар ұстаздарына арнаған қабырға газеттерін жариялады. Ұстаздарға арналған өлең шығару, эссе жазу сияқты шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар дүйсенбілік сап түзеуде марапатталды. «Ұстазға мың тағзым» тақырыбында ардагер ұстаздармен жас мамандар арасында өткен дөңгелек үстел өте тартымды өтті. Дөңгелек үстелге аудандық «Заман жаршысы» газетінің тілшілері шақырылды және газеттің мерекелік нөмеріне өтілген шара туралы «Келісті кездесу кеші» атты газет тілшісі Ақтоты Мырзабекқызының мақаласы шықты.

Похожие публикации:

16 февраль 2017 Мектеп ұжымы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив