21
September
2022
Ақынмен кездесу




Мектебімізде “Мемлекеттік тіл - менің тілім” онкүндігінің кезекті іс-шарасы өтілді. Ақын, аудармашы, “Серпер” сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Information саласының үздігі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Саят Қамшыгермен кездесу өтті. Оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстырып, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуды мақсат еткен кездесуде қызықты әңгімелер өрбіді. Жылы жүзді, дархан жүректі ақынның ғибратты әңгімесінен қатысушылар ерекше әсер алды. Қонағымызға шығармашылығы, өмірлік ұстанымдары туралы сұрақтар қойылып, 7 “А” сынып оқушысы Коел Ақерке “Сағыныш” мен 7 “А” сынып оқушысы Каирбаева Жанерке “Туған елім”өлеңдерін оқыды. Кездесуді ұйымдастырған: “Жас қаламгер” ұйымының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалды Майра Нұрланқызы.